оскенбай . Мангыстау
Голосование за песню: 0
Артисты: Оскенбай Калманбетулы
Название музыкального произведения: Мангыстау
Длина файла с песней: 08:19
Дата добавления: 2015-01-29
Просмотров страницы: 519
ӨСКЕНБАЙДЫҢ БАЛҚАСЫМ БИДІ ЖЕҢУІ
Өскенбай бірде Борсымұрын-Қарабас мекеніндегі Балқасым бидің ауылына келеді. Болыс,билердің арасында отырған Балқасым үйге кіріп амандасып болған Өскенбайға:
–Әй, Өскенбай, сенің жыршы екеніңді білейін, мынау Қаратүйе – Манатадан бастаптеңізді жағалай Маңғыстаудың жер-суын түгел жырлап өтші, – дейді.
– Айтқаныңыз болсын, бәске не тігесіз? – дейді Өскенбай.
– Не сұрасаң соны беремін.
Балқасым бидің қалыңмалмен матап жас қызды тоқалдыққа алғанын, ол қыздың армандақалған сүйген жігіті барын білетін ақын:
– Жас тоқалыңызды бересіз бе, айтқаныңызды орындасам? – дейді.
– Әй, не деп көкіп отырсың? – деп шу ете түседі төрдегі билер.
– Жә, елде қыз құрып қалған жоқ. Жырлай алса айтқаны болсын, – дейді Балқасым. Биосыны айтысымен, Өскенбай домбырасының бұрауын түсіріп алады да ағытыла жөнеледі:
Қаратүйе, Маната,
Керті менен Сындыны,
Бөрібас пен Бағданы
Біз айталы, жан ата
Онан былай сұрасаң
Оғыландыда ер Бекет
Әруақты ер еді
Қысылғанда болған сеп.
Қарамая, Кендірлі,
Қансу, Тамды, Көгесем,
Қарасай мен Қызылсай,
Жаманжол мен Қыңырақ,
Алыстығын байқасаң
Тауы тұрған бұлдырап,
Онан әрі ылдида
Сақсұрқа мен Сүмбе су
Шерін байқап қарасам
Сексеуілді қалың ну,
Өркеш-өркеш өрі бар
Қаяса мен Шағала
Қыстың күні болғанда
Соның құмын панала.
Онан әрі қарасаң
Бүйірбасы, Күрпітау
Дүлдүл ата әулие
Аңыз болған керемет
Тастан соққан бар түйе,
Іргесінде тақ соның
Құрқызыл мен бар Сүйе,
Одан былай суларың
Қарасеңірек, Бозат бар,
Теңізін байқап қарасам
Әрбір түрлі талап бар,
Оның арғы басында
Ауылым Құйжақ, Дәне бар,
Қақпақтысы қасында
Қара суды қақ жарған
Темірбаба және бар.
Оның былай қасында
Көздіойық пен Күрткетік
Кендірлі деген жерінде
Жамандау салған қала бар,
Оның былай қасында,
Тасұшы, Тоқпақ, Қызық бар,
Мына отырған ділмардың
Қай сөзінде бұзық бар?
Оның былай қасында
Жыланды мен Құрық бар,
Шын сөйлесе шайырдың
Арқа жыны құрыстар.
Оның арғы қасында
Үрпек, Сарша, Исан бар,
Қызылқұм деген жерінде
Қауын салған дихан бар,
Оның былай қасында
Қосойық пен Еже бар
Қарақұм мен Қызылжар,
Өмірзақ пен Ақеспе,
Қошқарата, Құйрық, Қолтық бар.
Қаражалшы, Ақшұқыр
Хажы болып Машырық.
Медіресе, мешіт салдырып
Бала оқытып жақсы тұр.
Оның былай қасында
Түлкілі, Құйжақ, Саура бар
Сығынды тауын жағалап
Аралды, Үрпек барсақ Сауда бар
Оның арғы қасында
Ақкетік пен Қала бар
Тауыменен өрлесең
Қарасу мен Саназар
Ақсу, Қолмыш және бар.
А